Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. 20-дан астам ғалымдар ордендер мен медальдарға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
I дәрежелі «Барыс» орденімен
Жұрынов Мұрат | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті; |
IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Әбділдин Жабайхан | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
Кішібеков Досмұхамед | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі; |
«Парасат» орденімен
Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы | – | «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры |
Блиев Назарбай | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы | – | Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры |
Күрскеев Әбдірахман Козлоевич | – | Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері |
Пак Иван Тимофеевич | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі |
Сманов Бақтияр Өрісбайұлы | – | «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры |
Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы | – | «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі; |
«Құрмет» орденімен
Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы | – | «А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы |
Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы | – | «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры |
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы | – | «Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры |
Косов Владимир Николаевич | – | «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі |
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы | – | Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры |
Медеу Ахметқал | – | «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы |
Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы | – | «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры |
Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы | – | Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры |
Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы | – | «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі |
Төлешов Амандық Қуатұлы | – | Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры; |
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Дәулетов Асқар Ербұланұлы | – | «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.