Қылмыстық істі ҰҚК астаналық департаменті тергеп жатыр
Қылмыстық іс қозғалған Қазақстан азаматы Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны расталса, тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне тергеуді астаналық арнайы қызмет департаменті жүргізіп жатқанын хабарлады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» бойынша қозғалды. Оған осы тұлғаның Украинадағы соғыс қимылдарына қатысқаны туралы ақпараттың түсуі себеп болған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.