Жаңалықтар

БАҚ: Тунис президенті бірден 57 судьяны жұмыстан шығарды

Оларды сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады


Тунис президенті Кайс Саид 57 судьяны жемқорлық пен немқұрайлылық үшін айыптап, қызметінен босату туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Mosaique FM радиосы.

«Президенттің 57 судьяны қызметінен босату туралы жарлығы жарияланды», – деп келтіреді радиостанция араб республикасы басшысының жарлығынан.

Сәрсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында Саид бірқатар сот жүйесінің өкілдерін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, ондаған судья «жемқорлық, немқұрайлылықпен айналысқан, сонымен қатар терроризмге қатысты істерді тергеуге кедергі келтірді» деген күдікке ілінген.

Тунис президенті ақпан айында Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесін оның мүшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген айыптаулардан кейін тарату туралы жарлыққа қол қойып, кейін уақытша кеңес құрды.