Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына қатысты 23 адам бас бостандығынан айырылған

Президент Бас прокурорды қабылдады

Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысына қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Бүгінде 489 азаматқа қатысты іс сотқа жолданған. 331 адам, негізінен ұрлық, тонау, қару сақтау және ұрлау деректері бойынша сотталған. Тек 23 адамға қатысты бас бостандығынан айыру туралы нақты шешім шыққан, қалғандарына жеңіл жаза кесілген. Рұқсат етілмеген тергеу амалдары мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болғандарға қатысты істер ерекше бақылауға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себебін жан-жақты тексеріп, оған кінәлілерді объективті түрде анықтау, сондай-ақ тергеу қорытындысы жөнінде жұртшылыққа тұрақты ақпарат беру қажет екенін атап өтті.  

Алайда ел билігі әлі күнге дейін қаңтар қырғынында қаза тапқандардың толық тізімін  жариялаған жоқ. Жақында Азаттық радиосы «Қанды қаңтар құрбандары жобасын» жарыққа шығарды. Азаттық 5-8 қаңтарда Қазақстан қалаларында оққа ұшқан немесе сол кезде алған жарақаттан қайтыс болғандар жайлы ақпарат-деректі жинап, шағын сайтқа топтастырған. Микросайт күйіндегі бұл жобадан қаза тапқан азаматтардың дерегімен танысып, оқиғаның қалай өрбігенін оқуға болады.