Жаңалықтар

Республикалық референдум өтіп жатыр

Ел тұрғындары Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты дауыс береді

Қазақстанда республикалық референдум  өтіп жатыр.  Ел тұрғындары «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауалға жауап беріп жатыр.

Дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай  анықтауға  болады? Ол үшін Egov.kz порталынан «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеуді» таңдап, өз өңіріңізді көрсетіп, ЖСН енгізу қажет. Деректерді енгізгеннен кейін, сервис сізге сайлау учаскесінің нөмірін, оның ауданы мен мекенжайын көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы референдум маңызды дипломатиялық институт екенін айтты. Алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Бұл жиында президент Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың еркін білдірудің айқын көрінісі деп атады. Kursiv Media материалынан референдум деген не және ол не үшін керек екенін, биыл референдумда елдің Ата заңына қандай өзгеріс енгізілу қаралатынын оқыңыз.