Джон Салливан Ақ үйдің бұл қадамға барғысы келмейтінін атап өтті
АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Салливан Ресей Федерациясы мен АҚШ бір-бірінің аумағындағы елшіліктерін жабуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Сонымен бірге ол Вашингтонның бұл қадамға барғысы келмейтінін атап өтті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Мен АҚШ-тың өз елшілігін жабуға мәжбүр болуының жалғыз себебін айта аламын: елшілікке қауіп төнсе ғана », – деп қосты Салливан.
Елші бұған дейін Ресей тарапы елдер арасындағы қарым-қатынасты үзу қаупі туралы мәлімдегенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдай екі елдегі дипломатиялық өкілдіктердің жабылуын білдіруі мүмкін. Дипломат мұндай сценарий жүзеге аспайды деген үмітін білдірді.