Жаңалықтар

Алматыда 232 мыңға жуық зейнеткердің зейнетақысы, 114 мыңға жуық адамның жәрдемақысы өсті

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістерге сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге (3063 теңге 01.01.2022ж. бастап), ең төменгі  зейнетақы – 48032 теңге (46302), базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (19450), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (36018), ең төменгі жалақы – 60000 теңге (60000). Бұл туралы  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар да өсті. Мысалы, І топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы 69 155-тен 71 787 теңгеге өсті. Жаңа туған балаға берілетін біржолғы жәрдемақы 116 394 теңгеден 120 840-қа өсті. Төртінші балаға 192 969-дан 200 340 теңге болды

2022 жылғы 1 сәуірден бастап,осыған дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімөлшерінің 4%-на артты.Оның мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 еселенген АЕК-тен аспауы керек, яғни 146 280 теңге. 2022 жылы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 140 898 теңгені құраған болатын.

«Алматы қаласы бойынша 231 740 зейнеткердің зейнетақы төлемдері арттырылды. Мүгедектігі бойынша 37660  және асыраушысынан айрылу бойынша 12571 адамның  жәрдемақыларыарттырылды.Бүгінде Алматы қаласында арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар – 28677, көп балалы отбасылар – 26761, көп балалы аналар, алқамен марапатталғандар – 4982, бір жасқа дейінгі күтім бойынша жәрдемақы алушылар – 3153-ті құрайды», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова.

 Сонымен қатар, Фарида Маратқызы Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін әлеуметтік саладағы 44 мемлекеттік қызмет түрінің бәріне электронды түрде онлайн өтініш беруге болатынын, ол үшін қызмет алушылардың ұялы телефондарының номері міндетті түрде мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркелуі керек екендігін мәлімдеді.

    Халық, Каспий банк бағдарламалары арқылы да бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақыға құжат тапсыруға болады.

    Көлемі ұлғайтылған барлық төлемдер 2022 жылдың сәуір және мамыр айларындағы қосымша төлемдерімен бірге есептеліп,  2022 жылдың маусым айында берілетін болады.

Қосымша ақпарат:

Әлеуметтік сала бойынша берілетін барлық төлемдер түрі:

Жасына байланысты зейнетақы (Мемлекеттік корпорация қызметкерлері үшін);

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (№1,2 Тізім бойынша еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр);

МӘСҚ – тан төленетін әлеуметтік төлемдер (0701, 0702, 0703, 0704, 0705);

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

Бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы;

1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;

18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;

Бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға берілетін жәрдемақы;

«Алтын алқамен» марапатталған көп балалы анаға берілетін жәрдемақы;

Жерлеуге арналған біржолғы төлем;

Ай сайынғы төлем (регресшілер);

Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақылар

Айырманың біржолғы төлемі. Мемлекеттік кепілдік;

Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу;

Экологиялық үстемеақылар (Семей ядролық полигонында тұратындарға);

Көп балалы аналарға 4 және одан да көп балаға төленетін  жәрдемақы.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ