Жаңалықтар

Қазақстанда 2,3 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Тыйым салынған 223 келі заттардың 90 келісі синтетикалық есірткі заттары болды

2022 жылғы сәуір мен мамыр айларында ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең)85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды.

2 ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2.3 млрд. теңгеден астамға бағаланып отыр.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.