Қазақстанда тағы жеті адамда індет анықталды
Жарияланды
Жеті науқастың жағдайы ауыр
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының жеті жаңа жағдайы анықталды.
Қазақстанда барлығы 1 миллион 305 788 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 662 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Коронавирустық пневмонияның бірде-бір жағдайы анықталмады (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 176), науқастар қайтыс болған жоқ (барлығы – 5 354).
Қазір 141 адам ауырып жатыр, оның 43-і стационарда, 88-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 7 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 0.
6 маусымдағы жағдай бойынша 9 509 050 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, 9 287 230 адам екінші компонентті және 4 569 081 ревакцинация алды.