Референдумның экзитпол нәтижесі шықты
Жарияланды
Ел тұрғындарының шамамен 70,1 пайызы референдумға қатысқан
2022 жылдың 5 маусымында «Қоғамдық пікір» институты «31 арнаның» тапсырысымен республикалық референдумға қатысушылар арасында экзитпол өткізді. Оған 24 мың респондент қатысқан. Респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берген, деп хабарлайды Referendum2022.kz Telegram-каналы.
Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылған. Сауалнама 600 (алты жүз) сайлау учаскесінде өткізілген.
Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген сұрақ қойылған.
Экзитпол нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1% құрады.