8 маусымнан Қазақстанда вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасы талап етілмейді

Жарияланды
Оған еліміз бен әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы себеп

8 маусымнан Қазақстанда вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасы алып тасталады. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ВАК отырысында осындай шешім шығарылды.

Еліміз мен әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып:

Бірінші: биылғы 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID 19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсыну талабы алынып тасталады.

Екінші: республиканың 7 өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталады.

Сондай-ақ оқыңыз