Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзартылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 6 шілдеге дейін қамауда болады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов 6 шілдеге дейін қамауда болады.

Мәсімовтің екінші орынбасары Дәулет Ерғожин 13 шілдеге дейін қамауда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 6 қаңтарда ұсталды. Кейін оның үш орынбасары – Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осиповтың ұсталғаны белгілі болды. Олардың барлығы билікті күшпен басып алу, билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. ҰҚК Мәсімовтен тәркіленген мүлікті тінту мен фотосуреттердің мәліметтерімен бөлісті.