Ұлттық банк инфляция жыл соңында  15%-ға жетеді деп болжап отыр

Жарияланды
2023 жылы ол төмендеуі мүмкін

Жыл соңына қарай Қазақстандағы инфляция  деңгейі 13-15% аралығында болуы мүмкін.  Бұл туралы 7 маусымда өткен брифингте Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

Оның айтуынша, инфляция келер жылы төмендеп, 2024 жылы мақсатты дәліздің жоғарғы деңгейіне жақындайды.

«Ұлттық банкте қажетті құралдардың бәрі бар. Біздің ақша-несие саясатымыз сұранысқа әсер етеді. Инфляцияның басқа құрамдас бөліктері де бар екені анық: өзіндік құн, біз импорттайтын сыртқы инфляция. Нәтиже жоқ деп айтпас едім» деді ол.

Пірматов инфляция бақылаусыз кетті деуге болмайтынын және базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер 1-2 жылдан кейін әсер ететінін атап өтті.

Мамыр айында жылдық инфляция 14 пайызды құрады. Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда азық-түлік  бағасы 19%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,9%-ға, ақылы қызмет9,1%-ға қымбаттады.

Қант бағасы күрт көтеріліп (60,5%)  көкөністер– 31,5%-ға, ұн– 29,9%-ға, құс еті – 28,5%-ға, жарма – 27,1%-ға, картоп – 26,2%-ға, жемістер 24,6%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз