Дүниежүзілік банк Украинаға қосымша көмек көрсетуді мақұлдады
Жарияланды
Дүниежүзілік банк Украинаға бір жарым миллиард долларға жуық қосымша көмек көрсетеді
Дүниежүзілік банк Украинаға 1,49 миллиард доллар қосымша көмек көрсетуді мақұлдады, деп хабарлады ұйым.
«Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі Украинаға 1,49 миллиард доллар көлемінде қосымша қаржылық көмек көрсетуді мақұлдады», – делінген ұйымның сайтында жарияланған хабарламада.
Жаңа қаржыландыру Дүниежүзілік банк тартуды көздеп отырған 4 миллиард доллардан астам қолдау пакетінің бір бөлігі болатыны атап өтілді.