Жаңалықтар

Жапония Ресейге жүк көліктері мен бульдозерлерді жеткізуге тыйым салды

17 маусымнан бастап

Жапония 17 маусымнан бастап Ресейге жүк көліктерін, самосвалдарды және бульдозерлерді экспорттауға тыйым салды, деп хабарлады экономика, өнеркәсіп және сауда министрі Коити Хагиудо. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

«Үкімет 7 маусымда Ресейге оның өнеркәсіптік базасын нығайтатын тауарларды экспорттауға тыйым салған шешім қабылдады. Осыған байланысты Ресейге 17 маусымнан бастап жүк көліктерін, самосвалдарды экспорттауға тыйым салынды», – деді ол баспасөз конференциясында.