Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4% көбейді
Жарияланды
Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігін Ресей алып жатыр
Алдын ала деректер бойынша Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
Тауар экспорты 2,3 млрд долларды (1,2%-ға көп), импорт – 5,4 млрд долларды (7,4%-ға көп) құрады.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей – 93,1%, Қырғызстан – 3,8%, Беларусь – 3,1%, Армения – 0,06%.