Елімізде өткен тәулікте бес адамда індет анықталды

Жарияланды

Ел бойынша 150-ден астам адам ауырып жатыр

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының бес жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 305 867 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 663 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның бір жағдайы анықталды (2020 жылдың 13 наурызынан бастап – 89 194), науқастар қайтыс болған жоқ (барлығы – 5 354).

Қазір 157 адам ауырып жатыр, оның ішінде 35 науқас стационарда, 122 науқас амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 7 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 3.

13 маусымдағы жағдай бойынша 9 514 841 адам коронавирусқа қарсы егілді, 9 292 996 адам екінші компонентті, 4 703 221 адам ревакцинация алды.

Сондай-ақ оқыңыз