Литва Украина үшін 990 мың еуроға алты дрон сатып алды
Жарияланды
Жақын арада Украина қарулы күштеріне төрт дрон тапсырылады

Фото: Анадолу сайты
Литва Украинаға жіберу үшін құны 990 мың еуро тұратын алты барлауға арналған дрондарды сатып алды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Cenco.net сайтының хабарлауынша, сатып алынған алты EOS C VTOL дронының төртеуі жақын арада Украина Қарулы Күштеріне беріледі.
Литвалық журналист Андрюс Тапинас қалған екі дрон екі айдың ішінде украиналық әскерилерге тапсырылатынын айтты.