Шетелдік танымал маман қазақстандық клубпен жұмыс істейтін болады
«Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып Андрей Скабелка тағайындалды. Бұл туралы елордалық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Беларусь маманымен келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін екі маусымға жасалған.
Андрей Владимировичті қазақстандық жанкүйерлер жақсы біледі, ол бұған дейін Нұр-Сұлтан клубымен жұмыс істеген.
Жақын арада Скабелка клуб басшылығымен бірге өзінің жаттықтырушылар штабын жасақтайды, сонымен қатар алдағы маусымға «Барыс» командасын жасақтайды.
Бапкердің соңғы жұмыс орны Ярославльдік «Локомотив» болды.