Жаңалықтар

IKEA Ресейдегі төрт зауытты сатады

Компанияның хабарлауынша, Ресей-Украина соғысынан дүние жүзіндегі кәсіпорындар мен жеткізу желілері қатты зардап шекті

Шведтік IKEA желісі Ресейдегі барлық төрт зауытты сатады және компанияның осы елдегі қызметін айтарлықтай қысқартады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Жиһаз бен тұрмыстық бұйымдарды өндірушілер мен сатушылардың әлемдегі ең ірілерінің бірі саналатын компания IKEA-ның Ресей-Украина соғысы кезінде наурыз айының басында Ресей мен Беларусьтегі жұмысын тоқтатқанын еске салды.

«Өкінішке орай, жағдай жақсарған жоқ және жойқын соғыс жалғасуда. Дүние жүзіндегі кәсіпорындар мен жеткізу тізбегі қатты зардап шекті және біз жақын болашақта жұмысты қалпына келтірудің ешқандай жолын көрмейміз », – делінген компания мәлімдемесінде.

Хабарламада IKEA-ның Ресейдегі бөлшек саудасын тоқтатып, елдегі төрт зауытын сату процесін бастайтыны айтылған.

Сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен экспорт пен импортқа тыйым салу жалғасады, делінген хабарламада.