Қоғам

Тоқаев Қазақстанның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Ұлытау облысында Ұлттық құрылтай өтіп жатыр

Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді.

«Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті» деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл халықтың шынайы өзгеріс пен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдіреді деп атап өтті.  

«Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар» деді Тоқаев.

Дәл қазіргі жағдай ел атын  ауыстыру жауапсыз шешім болар еді деді мемлекет басшысы.

Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе» деді Президент.