Жаңалықтар

Полицейлер қамауға алынғандарды үтік басып азаптаған

Резонанс тудырған 8 іс тергеліп жатыр

Құқық қорғау органдарының 15 қызметкері тергеу барысында рұқсат етілмеген әдісті қолданған деген күдікке ілінген. Қазіргі кезде резонанс тудырған 8 істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.

Күдікті ретінде танылған 15 қызметкердің 9-ы қамауға алынған.

«Атап айтқанда, Алматы облысында қызған бу үтікті пайдаланып азаптаудан 25 адам зәбір көрген. Жедел-тергеу нәтижесінде арнайы прокурорлар бұған 5 полиция қызметкері қатысты екенін анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады. Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеуді аяқтадық. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, өлтіріп қойды деген күдікке ілінген. Жәбірленушілердің көпшілігі азаптауға қатысы бар адамдарды нақты атай алмады, өйткені олар бетперде киген немесе арнайы киім кимеген» деді ол.