Жаңалықтар

Қазақстан Еуроодақ елдеріне визалық режимді жеңілдетуден үмітті

 СІМ басшысы бұны мемлекеттер арасындағы маңызды ынтымақтастық мәселелерінің бірі деп санайды

Қазақстан ЕО елдеріне баратын азаматтар үшін визалық режимді жеңілдету де маңызды мәселе деп санайды және  ол бойынша келіссөздердің тез арада басталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Министр М.Тілеуберді бұл мәселе елдер арасында ынтымақтастықтың басым бағытының бірі екенін атап өтіп, визалық режимді ырықтандыру бойынша еуропалық әріптестермен келіссөздердің тез арада басталатынына сенім білдірді.

Бұған дейін Қазақстан мен Мальдив аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Ол 30 күнге жарайды.

Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі мен Корей Республикасы үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды өзара алып тастау туралы келісім 1 сәуірден бастап қалпына келтірілді.