Қазақстан жылдық инфляция бойынша ЕАЭО елдері арасында үшінші орынға шықты

Жарияланды
Ресейде де инфляция қарқын алған

Мамыр айында ЕАЭО елдерін арасында  Ресейде жылдық инфляция деңгейі ең жоғары – 17,1%. Ал Беларусь 17% көрсеткішпен екінші орында тұр.  Ал Қазақстан үшінші орынға шықты. Елімізде жылдық инфляция деңгейі 14 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Төртінші орын Қырғызстанға тиесілі – 14%, ал ең төменгі инфляция Арменияда – 9%.

Азық-түлік пен  алкогольсіз сусындар  Ресейде 22%-ға қымбаттаған Ал  Беларусьте тұрғын үй қызметі, су, электр қуаты, газ және т.б. тарифтер 17%-ға, қымбаттағаны атап өтілді.

Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда тұтыну бағасының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде – 100,1% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз