Мамыр айында ЕАЭО елдерін арасында Ресейде жылдық инфляция деңгейі ең жоғары – 17,1%. Ал Беларусь 17% көрсеткішпен екінші орында тұр. Ал Қазақстан үшінші орынға шықты. Елімізде жылдық инфляция деңгейі 14 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.
Төртінші орын Қырғызстанға тиесілі – 14%, ал ең төменгі инфляция Арменияда – 9%.
Азық-түлік пен алкогольсіз сусындар Ресейде 22%-ға қымбаттаған Ал Беларусьте тұрғын үй қызметі, су, электр қуаты, газ және т.б. тарифтер 17%-ға, қымбаттағаны атап өтілді.
Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда тұтыну бағасының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде – 100,1% құрады.