Шегірткемен күреске 2,5 млрд теңге бөлінген

Жарияланды

Елімізде шегіртке сынды зиянкестерді жоюға 2,5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс айтып өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде шегіртке және өзге де  зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жайынан хабардар етті.

Маманның айтуынша, республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 12 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі мен карантиндік объектілердің 14 түрі таралған.  Соның ішінде шегірткемен күреске ерекше көңіл бөлінеді. 

«Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың га алаңда таралған, оның ішінде итальяндық прус – 760 мың га, азиялық шегірткелер – 201 мың га және марокко шегірткелері 35 мың га жерді жайлады. Сонымен қатар, саяқ шегіртке 270 мың га алаңда таралған. Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге және жергілікті бюджеттен – 659 млн теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу  қызметтерін сатып алуға мүмкіндік берді» деді спикер.  

Сондай-ақ оқыңыз