Шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кетіп қайтыс болған

Жарияланды
Олардың 19-ы – бала  

Суға шомылу маусымы басталғалы бері 36 адам суға кетіп қайтыс болған. Соның ішінде 19 бала суға кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан  айтты.

 Қазіргі кезде елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бар. Оның ішінде 142 коммуналдық және 341 жеке жағажай, олардың саны жыл сайын артып келеді. 

ТЖ министрлігінің құтқару бөлімшелерінің  493 құтқарушысы тәулік бойы  125 су  учаскесін бақылайды.

Еліміздің су айдындарында алдын алу жұмыстары аясында жыл басынан бері 50 адам құтқарылған.

Сондай-ақ оқыңыз