Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты
Жарияланды
Жер сілкінісінен мыңнан аса адам қаза тапқан
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты. Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам қаза тапқан.
«Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз» делінген хабарламада,
Айта кетейік, Ауғанстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің орынбасары Шарафуддин Муслим жер сілкінісінен мыңнан астам адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды деп хабарлады.
АҚШ геология қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 5,9 баллды құраған. Жер сілкінісінің ошағы провинцияның әкімшілік орталығы – Хост қаласынан 44 шақырым жерде орналасқан.