ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды

Жарияланды
Олар тергеу изоляторына қамалды

ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Олар  22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде билігін асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз