2022 жылғы 24 маусымда Alibaba.com. халықаралық электронды платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Ел павильонына бүгінде алтын жеткізуші мәртебесіндегі 130 отандық компания кіреді, олар 7500-ден астам тауарды сатылымға шығарады.
Сауда Вице-министрі Қайрат Төребаев бүгінгі таңда электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік трендке сәйкес тырысатын атап өтті. Alibaba-мен ынтымақтастықтың арқасында көптеген қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға проактивті жылжыту құралы ретінде электрондық коммерция арналарын игерді.
«QazTrade» АҚ Бас директоры А.Асқарұлы атап өткендей, отандық компанияларды маркетплейстерге шығару құралы өзінің тиімділігін көрсеткен. Электрондық алаңдарда сауда жасау дағдыларына ие болған компаниялар, платформа төңірегінде тиімді сатылым жасайды.
Айта кету керек, 2021 жылы QazTrade АҚ арасында компанияларды платформаға шығару бойынша шара операторы мен Alibaba.com компания арасында ынтымақтастық және қазақстандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.
2019 жылдан бастап 200 компания Alibaba.com платформасында шығару бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды.
Қазіргі кезде Alibaba.com платформаға шығарылған компаниялардың жиынтық сауда көлемі шамамен 167,7 млн. АҚШ. долларын құрайды. Қытай, Македония, БАӘ, Оман, ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің шетелдік сатып алушылары пластикалық ойыншықтар, сүзгілер, электротехника, тоқыма өнімдері, майлар, астық өнімдері, бал және мұздатылған ет сияқты өнімдерге қызығушылық танытқан.