ШҚО-да екі альпинист қаза тапты

Жарияланды
Олар қар көшкінінің астында қалып қалған

Шығыс Қазақстан облысы. Катонқарағай ауданында екі альпинист қар көшкінінің астында қалып қаза тапты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Белуха тауындағы қар көшкіні туралы хабарлама таңғы ондар шамасында түскен.

«Апат салдарынан 2 адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы, екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Одан бөлек 1990 жылы туған азамат зардап шеккен және 32 жастағы бір альпинист аман қалды» делінген хабарламада.

Туристерді құтқаруға МИ-8 тікұшағы жіберілген.

«Оқиға орнына келген тікұшақ 1 метр биіктікте қалықтап тұрды. Бұл сәтте құтқарушылар қаза болғандардың денесін бортқа тиеді. Ал жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді» дейді ведомстводан.

Сондай-ақ оқыңыз