Жаңалықтар

ҚазТрансГаз Аймаққа 5 млн теңге айыппұл салынды

Компания газды шекті бағадан қымбатқа сатқан

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына  5 млн теңгеден  аса айыппұл салынды, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитеті. Компания газды шекті бағадан қымбатқа сатқан.

Оған Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі негіз болған. Осы бап бойынша  комитете инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде айыппұл салды.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газ нарығындағы қоғамдық маңызы бар субъект болғандықтан, шекті бағалар ескерілген инвестициялық бағдарлама талаптарын орындауға міндетті.

Алайда,  компания қолданыстағы заңнама талаптарын бұзып,  2021 жылға тауарлық газды көтерме сатқанда бинвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған.