Жаңалықтар

Президент криптовалютаның дамуына жағдай жасауды тапсырды

Кешенді цифрлық экожүйе қалыптасуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда  криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамытуға көңіл бөлу керек деді. Бұл туралы ол  «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, еліміз өз әлеуетін барынша пайдалануы керек.

«Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, Үкімет қаржы реттеушілерімен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет»– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.