Суға кеткен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері
Түркістан облыстық ТЖД құтқарушылары суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.
21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Бәрі Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылған.