Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты

Жарияланды
Ол декларация  тапсыруға дайын

ҚР Қаржы министрі және вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтып, декларация тапсыруға дайын екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, оның табысы ҚР Қаржы министрі және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымындағы жалақыдан құралады.

«Біріншіден, мен Қаржы министрлігінен айлық аламын және Премьер-Министрдің орынбасары ретінде қосымша жалақы аламын.  Жалпы жалақым 1,5 миллион теңгені құрайды»- деді Жамаубаев сейсенбі күні үкімет отырысында журналистерге.

Сондай-ақ ол қазір үкіметте шенеуніктердің декларация тапсыру  мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

«Біз – мемлекеттік қызметкерміз, сіздер біздің қанша жалақы алатынымызды білесіздер. Жыл сайын декларация тапсыратындар да мемлекеттік қызметшілер. Біз енді ғана жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың бүкіл азаматы жыл сайын декларацияларын жариялап, тапсыратын деңгейге жетеміз. Сонда барлығы да белгілі болады»  деп түйіндеді министр.

Сондай-ақ оқыңыз