Жаңалықтар

Кәсіпкерден 15 млн теңге талап еткендер ұсталды

Олардан тіркелмеген атыс қаруы алынған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін пара талап еткен қылмысты топ мүшесін ұстады.

Бұл пара елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшыларын берілуі тиіс болған.

25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

«Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді» делінген хабарламада.