Жаңалықтар

Бұрынғы қорғаныс министрінің қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Мұрат Бектанов 20 ақпанда қамауға алынған еді

 Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 шілдеге дейін қамауда болады, деп хабарлайды Интерфакс.

Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты.

«Тергеу соты қамауда ұстау мерзімі бес айға, яғни ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін ұзартты» деп хабарлады Бас прокуратура.

Мұрат Бектанов 20 ақпан күні қаңтар оқиғасы кезінде билік еш  әрекет етпеді деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Екі күннен кейін, 22 ақпанда сот оны екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

13 мамырда Бектановты қамауға алу мерзімі тағы да 20 маусымға дейін ұзартылды. Тұтқындалар алдында Бектанов 2021 жылдың тамызынан бері атқарып келген Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.