Мамыр айында халық 249,7 млрд теңгеге шетел валюталарын сатып алған. Алдыңғы аймен салыстырғанда, бұл шығын 10,5%-ға өскен. Сәуір айында қазақстандықтар 226,1 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алыпты.
Ұлттық банк таратқан хабарламада 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (157,3 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,6 есе артқаны жазылған.
Соның ішінде 209,3 млрд теңгеге АҚШ долларын сатып алса, 14,2 млрд теңгеге – Ресей рублін, 25,6 млрд теңгеге еуро сатып алған.
АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған ақша бір айдың ішінде 10,6 пайызға өскен. Ал рубль сатып алуға кеткен теңге көлемі 19 пайызға артыпты. Еуро сатып алуға кеткен қаржы 4,3 пайызға өсті.