Жаңалықтар

ҰҚК-нің 8 қызметкері Қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптау фактісі бойынша қамауға алынған

Жалпы 9 адам ұсталған

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандарды азаптады күдікке 15 адам ілінген. Соның тоғызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалев мәлімдеді.

«Бүгінгі күні күдікті ретінде 15 адам анықталды. Оның ішінде тоғыз адам қамауға алынды. Сегіз адам ҰҚК қызметкері мен бір полицей» деді Шындалиев Мәжіліс кулуарында.

Күдіктілер арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ. Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары қаңтар оқиғасының құрбаны болған 238 адам туралы ақпаратты растады. Оның ішінде алты адам уақытша ұстау изоляторында азаптаудан қайтыс болған.

 «Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың ресми саны – 232 адам, ал азаптаудан 6 адам қайтыс болған» деді Шындалиев.