«ӨКМ Операторы» ЖШС құрылтайшысы Шынар Муктароваға 920 млн теңге заңсыз иеленді деген айып тағылып, іздеу жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.
Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, 920 миллион теңге дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдікке ілінген.
ЖШС құрылтайшысына іздеу жарияланып, оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.