Коронавирустың таралуына қарсы ВАК отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар саны артқанын айтты. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда вирус жұқтыруғандар қатары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы –вирусқа қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.
Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер «сары аймаққа» көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау туралы шешім қабылдады:
- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс жасау форматына көшіру;
- COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
- жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
- 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.
Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.
Отырыс соңында Е. Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.