Рубль неге қымбаттады?
Кейінгі кезде рубль күрт қымбаттап, құны 9 теңгеден асты. Осы орай еліміздің бас банкі маусым айында рубль бүкіл валютаға, әсіресе АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайғанын хабарлайды.
Оған себеп – РФ-да капитал қозғалысын бақылау шаралары, экспортқа шығатын тауар бағасы қымбаттап, ал импорт көлемі айтарлықтай қысқаруы. Бұған дейін енгізілген шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың қымбаттауы мен импорттың азаюы салдарына нығаюын жалғастырды. Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш – 9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді.
Ұлттық банк Ресей Федерациясында рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатқанын, тікелей шара қабылдауға РФ-ға қарсы енгізілген санкциялар қиындатып тұрғанын айтады.
Өз кезегінде, теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай өзінше қалыптасады.
«Теңге/рубль нарығы дербес қалыптастыру үшін жеткілікті түрде терең және өтімді емес, бұл РФ мен ҚР арасындағы сауда теңгерімсіздігіне, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың өз өнімдерін Ресей Федерациясына теңгеге сатпауына байланысты. Ресейлік экспорттаушылардан айырмашылығы – ресейлік рубльге сататын ресейлік экспорттаушыларға қарағанда, Ресей Федерациясындағы теңгеге деген сұраныстың төмендігі осымен байланысты» делінген хабарламада.
Валюталық саясат аясында Ұлттық Банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады. Бұл теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермей, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.