Адам саудасы мен еңбегін қанауға қатысты 51 іс тіркелген

Жарияланды
Дүние жүзінде адам саудасы құрбандарының шамамен 20%-ы –балалар.

Елімізде жыл басынан бері адам саудасы мен еркіндігін заңсыз шектеуге, еңбегін қанауға байланысты 51 іс тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19 пайызға төмен, деп жазады ranking.kz.

Құқық бұзудың басым бөлігі жезөкшелік пен притон ұйымдастыру немесе ұстауға қатысты. Биыл 29 іс қозғалған. Тағы 8 іс адам саудасына қатысты ашылған.

Қылмыскерлердің басым бөлігі – Қазақстан Республикасының азаматтары. Сондай-ақ, ТМД елдерінің 1 азаматы (жезөкшелікпен айналысқаны үшін) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

БҰҰ есебіне сәйкес, адам саудасының ең көп тараған түрі (79%) – жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу.Адам саудасының екінші кең тараған түрі – адам еңбегін қанау. Дүние жүзінде адам саудасы құрбандарының шамамен 20%-ы –балалар.

Сондай-ақ оқыңыз