Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы жағдайды талқылады
Жарияланды
Қазақстан Президенті әріптесі дер кезінде шешім қабылдады деді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефонмен сөйлесіп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өткен.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті» делінген хабарламада.