«Қазақавтожол» ЖШС мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жоспары аясында биылғы жылғы күздің соңына дейін 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілерін орнатпақ. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде 9 781 жол белгісі мен 397 дана ақпараттық панно, 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафот орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау (кривбрус) орнату жұмыстары да іске асырылуда.
Жол элеБүкіл жол элементтары жол-көлік оқиғасын болдырмау және қарсы бағытпен соқтығысудың алдын алу мақсатында орнатылып жатыр.