Алакөл жағасындағы демалыс орындары өртке оранды

Жарияланды

Өрт таңғы 6-ға таман толық өшірілген

Үржар ауданындағы Алакөлде жалпы ауданы 3000 шаршы метрді шарпыған өрт шамамен 02.48 ауыздықталып, 05.40-та толық өшілірді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

ШҚО ТЖД мәліметінше, 4 шілдеде сағат 23:20-де «Керуен» демалыс базасында өрт шыққан. Қатты желдің салдарынан қызыл жалын «Айгерім», «Әлихан», «Жібек жолы» демалыс базаларына да жайылған.

Өрт болған жерде ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі мен Алматы облысының ТЖД 186 адамы мен 29 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Медициналық көмекке 7 адам ауруханаға жүгінгенімен, бәрі ауруханаға жатудан бас тартқан. Демалушылар көрші базаларға орналастырылды. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз