Астанадағы стадионды қомақты параға апатты деп таныған
Жарияланды
(жаңартылды )
Басқама басшысына 5 млн теңге пара алды деген айып тағылған
Антикор елордадағы стадионды апатты деп тану үшін пара алған ТЖД басқарма басшысына қатысты тергеу амалдарын бастады.
«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады» делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.