Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы бір жылда 27 пайыз қымбаттаған
Бір жылда (2022 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусым аралығын) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерлің бағасы19,5% өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.
Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өскен. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласында қатты қымбаттаған.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым 2022 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үй бағасы – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда 1,1% арзандаған.