Жаңалықтар

МӘМС:  Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласынан 5,6 млрд теңге жарна түскен

Жыл басынан бері түскен жарна 30,9 млрд теңгеге жеткен

2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған. Ал осы жылдың маусым айында елордалықтардан 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен. Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 30 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 131,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылдың маусым айында 5,6 млрд теңгеден аса жарна түсті. Оның 3,2 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің, ал 2,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.

Ал 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған (оның 17,2 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілердің аударымдары, ал 11,4 млрд теңге –жеке кәсіпкерлерден түскен жарна).

2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 13 506 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 65,3 млн. теңгеге жуық соманы құрайды, ал осы жылдың маусым айында 8150 БЖТ төлеушілерден 10,9 млн.теңгеге жуық жарна түскен.