Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша Үндістанға жүк жөнелтілді
Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» перспективалық көлік дәлізін дамыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның алдына қойылған басым міндеттердің бірі, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жүктерді «Солтүстік-Оңтүстік» құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан (РФ) Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді. Ресейден Үндістанға жүк жөнелту бойынша жаңа көліктік-логистикалық шешімді «KTZ Express» АҚ мен «РЖД Логистика» АҚ бірлесе әзірледі.
Қырық қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол маршрутының ұзындығы 8 мың км-ден асады